Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/altynsarinroo.edu.kz/almanah.uspen.kz/libraries/cms/application/cms.php on line 464
Жүрегі жарқын жан

Мы в социальных сетях!

  

 

 uspenkalib

Орумбаева Б.Т. Жүрегі жарқын жан: [Халықаралық әйелдер күні] //
Аймақ ажары. – 2017. – 4 наурыз. - №9. – б. 4

Жүрегі жарқын жан
Өте жиі сенімен бір ауылда, бір көшеде, жай жанында адам өмір сүреді, ал сен ол туралы ештеңе білмейсің! Жасыратыны жоқ, біздің Қоңыр Озек ауылымызда да сондай тамаша және бірегей әйелдер бар. Әйелдер мерекесінің қарсаңында бір әйел туралы айтқым келіп тұр.
Скакова Канипа Казиқызы 1953 жылының 29 шілдесінде Амангелды аулыңда дүниеге келеді. 1971 жылы онжылдық мектепті бітіріп Павлодар пединститутына оқуға тусүге аттанады. Бірақ оқуға тусалмай Надаров орта мектепке пионер жетекшісі болып орналасады. Екі жылдаң соң Канипа апамыз туған ауылына оралып, Павлов орта мектебіне пионер жетекшісі ретінде жұмыс жолын жалғастырады. 1976 жылы Канипа Казиевна тұрмыс құрап, Скаков отбасына үлкен келін болып түседі. 1981 жылы Павлов ауылында балабақша жаңа ғимараты ашылды. Ал, 1982 жылы Қанипа тәрбиешінің көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Кейіннен сырттай тәрбиеші мамандығы бойынша екі жылдық оқуын бітіріп тәрбиеші болып тағайындалады. Ол кісіні бүл тәрбиешілік жолға итермелеген балаларға деген шексіз махаббаты. Бір ерекшілігі Канипа Казиқызының тәрбиеленуінде болған барлық балалардың аты-жөндері қазір де есінде. Бүгінде сол балақайлардың барлығы есейіп үйлі-боранды, бала-шағалы болып, кейбіреулері беделді қызметтерде жұмыстар атқарып отыр. Бірақ өкінішке орай қайта құру жылдары еліміз бойынша балабақшалар жаппай жабыла бастады. Оның салдары Қанипа Қазиқызы жұмыс атқарған ауылдық балабақшасын да айналып өтпеді. Бірақ, адам болған соң тіршілік жасау қажет, Қанипа апамыз балабақша жабылғаннан кейін қол құсырып отырып қалмай, "Рысмаганбетов" шаруа қожалығына жұмысқа орналасады. Осы жұмыс орнында зейнеткерлікке дейін жұмыс істейді. Көпжылдық адал еңбегі үшін грамоталар және алғыс хаттармен марапатталды.
2016 жылдың қазан айында Канипа Казиевна мен Зайдолла Жұмабекұлы отау құрып, үлкен жанұя болғандарын қырық жылын тойлады. Бүгінде Қанипа апамыз бен Зайдолла ағамыз немере сүйіп, аяулы да ардақты, сүйікті ата-әже атанып отырған жайлары бар. Қанипа апамызды көрікті көктеммен қатар келетін әйелдер мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, жүзіне күлкі, қуаныш тілеп, артынан ерген немерелерінің қызығына тоймай мерекеден мерекеге жете берсін.

Дополнительная информация