Орумбаева Б.Т. Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын: [Бір ел - бір кітап]//
Аймақ ажары. – 2017. – 11 қараша. - №43. – б.3
Қазақ поэзиясының биігіне өрмелеп шыққан ақын
Жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, биыл «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсті. Абайдан кейінгі ұлы ақындардың бірі. Ұлт үшін күрескен қайраткер. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы елімізді, ең алдымен, мәдени мұрамызбен, шығармашылық әлеуетімізбен ілгерілетуге үндейді. Сұлтанмахмұт Торайғыров ұлттық идеяның жыршысы. С. Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Болашақ ақынның әкесі Шоқпыт (шын аты Әубәкір) кедей, момын шаруа болған деседі. Сұлтанмахмұт бала кезінде әуелі өз үйінде, кейін ауыл молдаларынан оқып хат таниды. 1912 жылдары зейінді, талапты жас жігіт оқу іздеп Тройцкіде бір қыс оқығаннан кейін ауруға шалдығады. Содан ол сол маңдағы бір ауылға бала оқытады. Күз қалаға қайта барып, «Айқап» журналының редакциясына хатшы болып орналасып, онда 1914 жылға дейін істейді. «Айқапта» жерген кезінде ақын көптеген өлең, мақалаларымен бірге «Қамар сұлу» атты романын да жазады. Сұлтанмахмұт 1914 жылдың көктемінде «Айқап» редакциясынан шығады.
Қоңыр Өзек ауылдық кітапханасында «Бір туар асыл ақын» атты С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. Қатусышылар өқырмандар, «Ардагер» клубының мүшелері, оқушылар, поэзия сүюші қауым. Шара басында кітапханашы өмір-жолымен таныстырып өтті, содан кейін «Адасқан өмір» поэмасынан оқырмандар үзінділер оқыды: «Мен бала» - Кумуков Р., «Мен жігіт» - Каиров С., «Мен тоқтадым» - Бакулин В., «Мен кәрі» - Бондарь Т., «Мен өлік» - Орумбаева Б. Облыстық кітапханада сәуір айынан бастау алған «Павлодар Торайғыровты оқиды» әлеуметтік жобасына облыстың барлық қалалары мен аудандары қатысты. Біздің кітапханада «Қоңыр Өзек Торайғыровты оқиды» атты бейнеролик түсірді. Торайғыров шығармаларын оқыған оқушылар мен студентер, дәрігер мен мүғалім мамандары, зейнеткерлер және жеке кәсіпкерлер роликті әдеби кештін қонақтары тамашалады. Облыстық кітапхана Торайғыровқа арнау жазуды жариялады. Сол шығармалар жинағына біздің жерлесіміздің, ауылымыздың турғыны Павлюк Светлананың өлеңі «Упрямый сын, с кочующей душой» еңгізілді. Өз оқырманыма алғыс білдіре отырып шығармашылық тілеймін. Шара барысынды өлеңін кеш қонақтары тыңдады. Кумуков Расулға аудан кітапханасы жүйісінің атынан белсенді қатысуына алғыс хат тапсырылды. Оқырмандар кітап көрмесін тамашалап, ақынның өлеңдерін оқуымен кеш аяқталды. Осымен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған шаралар аяқталмайды, жалғасуы алдымызда.