Warning: count(): Parameter must be an array or an object that implements Countable in /var/www/vhosts/altynsarinroo.edu.kz/almanah.uspen.kz/libraries/cms/application/cms.php on line 464
Ана – өмірдің шуағы

Мы в социальных сетях!

  

 

 uspenkalib

Глухова Д.Б. Ана – өмірдің шуағы:[Арынова Қульшайра Нурахметқызы-зейнеткер]//Аймақ ажары.- 2017.- 4 наурыз. - №9. –б.4

Асыл жан

Менің әңгімем маған жақын адамым туралы. Әңгімем Арынова Күлшайра Нурахметқызы өз тегі Сарсембаева жайлы. 1938 жылы Таволжан ауылында дүниеге келген. 1939 жылы ата-анасымен Луганск аулына көшіп, 1950 жылдарға шейін сонда тұрған. Содан кейін Сарсембаевтар отбасы Павлодар ауданы Шақат аулына қоныс аударған. 1952 жылы оқыс оқиға болып 14 жасар Күлшайраның анасы қайтыс болады.Осы уақыттан бастап үй тірлігі жас қыздың мойнында болады. Ол дегеніңіз үй жинау, кір жуу, тамақ әзірлеу. Күлшайра отбасында жалғыз қыз.Бір жылдан кейін әкесі екеуі Луганск аулына қайта көшіп келеді. Үш айдан қыстаққа көшіп кетеді. Жас қыздың өмірі әкесінің қайта үйленгенінен еш өзгерген жоқ. Керісінше Күлшайра анасын сағынып, жылу іздеді. Он алтыншы жасқа толғанда әкесі Арынов Слямбекке тұрмысқа береді. Ол адаммен 28 жыл тұрып, 3 ұл және 4 қызды дүниеге әкеледі. Ауыр дерт 1982 жылы күйеуін алады. Күлшайраның мойынына тағы тіршілік қамы мен балаларды тәрбиелеу жүктеледі. Күлшайра Таволжан ауылында тұз өндіру жерінде жұмыс істеді. Балалар ер жетіп өсіп жатты. Күлшайра барлық аналық махаббатын соларға арнады. 1988 жылы көпбалалы ана ретінде зейнет керлік демалысқа шықты «Күміс алқа» иегері. Қазіргі уақытта қызымен немересімен Павлодар қаласында тұрады. Балалары ұлды, қызды болып өз алдына отбасын құрып, менің әжемнің немере, шөберлері бар. 12 нереме және 14 шөбере.
Мен әжемді мақтан тұтамын! Мейірімді және туған адам. Мерекелер мен отбасы тойларында үлкен отбасы болып жиналамыз. Келе жатқан 8 наурыз халықаралық әйелдер күні әжемізге денсаулық тілеймін. Бізбен бірге қуанышымды болісіп, ұзақ өмір сүре беріңіз.

Дополнительная информация